Мақалалар жинағында бейотар ойдың негізгі концептері, идеясы мен мақсаттарының генеалогиясы бақыланып, кейінгі үш онжылдықта қалай қалыптасып, өзгергені ой елегінен өтеді. Автор бұл константаға қазіргі сәт пен ғарыш жылдамдығымен өзгеріп жатқан әлем ұстанымы тұрғысынан оралады. Ол постотар теориямен меже орнату және ықтимал диалогқа түсу, отаршылдықтың екзистенсиал және онтологиялық аспектілері, мұражай мен университетті отарсыздандыру, бейотар эстезис және аффективтілік, посткеңестік кеңістік мәдениеті мен өнерін отарсыздық тұрғысынан саралау сынды бейотар бетбұрыстың маңызды мәселелеріне сыни тұрғыда тоқталады. Отарсыздық оптикасына ие үш заманауи суретші – Cәуле Сүлейменова, Таус Махачева және Хаив Қаһраманның шығармашылығы ірі планда көрсетілген. Жинақ жалпы оқырман қауымға арналады. Мадина Тлостанова – бейотар жазушы және зерттеуші, Линчөпиң университеті (Швеция) гендерлік зерттеу бөлімінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Посткеңестік болу деген не? Кеңес империясы қирандыларындағы отарсыз өнер» («Дюк» университеті баспасы, 2018) еңбегін есепке алғанда он шақты монографияның авторы.