Аймақтық институция «Целинный» заманауи мәдениет орталығының мақсаты Қазақстанда және Орталық Азияның ауқымды аймақтық перспективасымен диалог құру арқылы жергілікті зиялы қауымды ұлғайту. Кеңестік кинотеатрының ғимаратында орналасқан «Целинный» орталығын қазақстандық бизнесмен әрі кәсіпкер Қайрат Боранбаев негізін салды. Орталық 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 2025 жылы өз атауын алған бұрынғы «Целинный» кинотеатрының ғимаратына тұрғылықты орналасады. 2019 жылдың соңында британдық сәулетші Асиф Ханның жетекшілігімен кинотеатрды қалпына келтіру жұмыстары басталды.


«Целинный» панорамалық кинотеатры 1964 жылы тұрпаттық жоба бойынша салына салысымен кеңестік Алма-Аты тұрғындарының ең танымал демалыс орындарының біріне айналды. Фойенің жарқыраған әйнек қасбеті бар алматылық «Бродвейге» қараған Целинный кинотеатрының қайталанбас көрнекі бейнесі суретші Евгений Сидоркиннің ат жарыстарын, билер мен жанрлық көріністерді бейнелейтін көшеден сұлбасы көрінетін алып сграффитосының арқасында қалыптасқан. 2000 жылдан бері ғимарат бірнеше рет қайта салынды, сыртқы түрін өзгертті және түнгі клуб ретінде де пайдаланылды, дегенмен қаладағы демалыс үшін танымал орын болып қала берді. 2018 жылы ғимараттың функционалдық жоспарын заманауи мәдениет орталығына өзгерту туралы шешім қабылданып, ол қазіргі заманғы мәдениет пен өнер арасындағы пәнаралық өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған алғашқы жеке институцияға айналды.


Орталықтың институционалдық стратегиясы үш негізгі тақырыпқа – «Гендер», «Сенім» және «Экология» әрі «осында» және «қазір» деген екі мотивтің симбиозына бағытталған. Осында - көрмелер, кинобағдарламалар, танымдық іс-шаралар, музыка және би қойылымдарымен қатар басқа да тәжірибелік өнер түрлерімен байланысты перформативті-зерттеу бағдарламаларын қамтиды. Целинный бұл үшінші босуақ кеңістігі.


Қазір - әр түрлі пәндер мен идеологиялық көзқарастағы суретшілермен, теоретиктермен және зиялылармен өзара әрекеттесу арқылы зияткерлік кеңістік құру мақсатымен орталықтың болашақ дамуына бағытталған ғылыми бастамаға негізделген жобалар, құжаттама, академиктерге арналған резиденция және баспа бағдарламасы. Қызметтің үш негізгі бағыты бар: Horizon, академик-резиденция, баспа жобалары.


Орталықтың негізгі мақсаты – шығармашылық, академиялық, ғылыми ортада үдеріс жүргізіп, ашық ой мен сыни пікірталас алаңын құру. Баспа бағдарламасы қазіргі заманауи мәселелер саласына ғылыми қызығушылық танытатын авторлармен жұмыс істейді. Осылайша, бұл зерттеулердің нәтижелері кең және кәсіби аудиторияға қол жетімді.

Slavs and Tatars және Лея Фелдманның Azbuka Strikes Back атты балалар кітабын шығаруға арналған қоғамдық бағдарлама. Мамыр, 2023
ÜMIT бағдарламасы аясында суретші Вероника Тришинаның “Терезеге қарасам теңізді көремін" атты көрмесі. Наурыз, 2022
KORKUT дыбыстық өнер және жаңа музыка биенналесі аясында Korkut Sound концерті. Қазан, 2022
Мадина Тлостанованың қазақ тіліне аударылған “Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы” атты кітабының танытымы. Маусым, 2023
Инклюзивті білім беру бағдарламасы: Визуалды (емес) антропология зертханасы. Қараша, 2022
Ümit Playground бағдарламасы аясында Алина Боброваның “Улы топырақ” атты көрмесі. Қыркүйек, 2023
Tselinny Kids жазғы лагерінің аясында ART MIND UNIVERSE шығармашылық шеберлік сыныбы. Мамыр, 2023
Ümit Playground бағдарламасы аясында Айғаным Мұхамеджанның «Қара куб» атты көрмесі. Наурыз, 2023
Tselinny Kids жазғы лагерінің аясында ART MIND UNIVERSE шығармашылық шеберлік сыныбы. Мамыр, 2023
Суретші Сәуле Сүлейменованың «Келін» туындысы Мадина Тлостанованың “Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы” атты кітабының танытымында ұсынылды. Қараша, 2020
«12 секунд» жобасы. Уақыт капсуласы. Қараша, 2021
«Here There Nowhere» көрмесі. Наурыз, 2021
Re-practice empowered by VISA зертханасының қорытынды көрмесі. Қазан, 2023
«Шағылыс» топтамасының шығарылымы құрметіне орай Патрондар клубының кешкі асы. Наурыз, 2023
ÜMIT бағдарламасы аясында суретші Вероника Тришинаның «Терезеге қарасам теңізді көремін» көрмесі. Наурыз, 2022
«Целинный» ЦСК патрондар клубының ашылуы. Наурыз, 2022
Орталық Азия тарихы бойынша шеберлік сыныбы: Нари Шелекпаевтың ридинг-семинарлары. Шілде, 2023
«Qazaqstan, Қазақстан, قازاقستان: Заманауи постотарлық дискурстың лабиринттері» жинағының танытымы аясында философия ғылымдарының докторы Күлшат Медеуованың «Бертіндегінің қирандылары» атты лекциясы. Маусым, 2023
ZVUK музыкалық фестивалі аясында Re-practice empowered by VISA зертханасының шоукейсі. Сәуір, 2023
Нари Шелекпаевтың редакторлауымен жарық көрген «Евгений Брусиловский. Пікірлер және суреттермен өнделген естеліктер» кітабының танытымы. Тамыз, 2023
Re-practice empowered by VISA зертханасының студенттері. Сәуір, 2023
KORKUT дыбыстық өнер және жаңа музыка биенналесі аясында Korkut Sound концерті. Қазан, 2022
Tselinny.Studies. бағдарламасы аясында Владислав Слудскийдің «Өнер экожүйелері» атты дәрістер курсы. Қараша, 2022
Ümit Playground бағдарламасы аясында Алина Боброваның «Улы топырақ» көрмесі. Қыркүйек, 2023