Re-Engage with Nature
10.06 – 30.07
Re-Engage with Nature

10.06 – 30.07
Re-Practice — бұл ең жаңа көркемдік тәжірибелерді меңгеруге бағытталған, соның ішінде жаңа медиамен жұмыс істеуге баса назар аударатын жыл сайынғы пәнаралық бағдарлама.


Re-Engage with Nature бағдарламасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзекті экологиялық мәселелерге және табиғатпен өзара байланысымызды тереңірек түсіну, мәнін жете ұғыну және қайта ой елегінен өткізу үшін цифрлық технологияларды пайдалануға бағытталған.

Оқудың басталуы – 10 маусым
Оқы форматы: онлайн

Зертхана бағдарламасы туралы толығырақ 22 мамыр күні сағат 19.00-де өтетін вебинардан біле аласыздар.

Вебинарға тіркелу



Суретте Лаборатории қатысушыларының туындыларыны Re-Practice 2023: Ануар Абдрахманов, Александра Черезова, Никита Савостьянов
біз қайта үйренуді, зерделеуді, қайта ой елегінен өткізуді, ойға батуды, сұрақ қоюды, зерттеуді, айтуды, жасауды үйренеміз
RE-PRACTICE
ЗЕРТХАНА БАҒДАРЛАМАСЫ
  • 1
    антропоценнің заманауи пәлсапалық тұжырымдамалары туралы дәрістер мен семинарлар
  • 2
    цифрлық өнердің теориясы мен тарихы бойынша дәрістер мен семинарлар
  • 3
    заманауи суретшілердің экологиялық күн тәртібіне қалай жүгінетіндігі жөнінде семинарлар
  • 4
    экологтармен кездесулер
  • 5
    халықаралық және локалды суретшілермен артист-толктар
  • 6
    цифрлық құралдарымен деректерді визуализациялау, ЖИ және аралас шындықта жұмыс істеу бойынша воркшоптар
  • 7
    семинарлар және жобаларды толқылау
Өнер. Экология. Жаңа медиа
RE-PRACTICE
КІМ ҮШІН
Бұл бағдарлама - заманымыздың ең өзекті экологиялық мәселелерінің мағынасын жете түсініп барып жұмыс жасауды қалайтын, жаңа бастап келе жатқан суретшілерге, дизайнерлерге, экологтарға, кураторларға, программистерге және сәулетшілерге арналған. Бағдарламаның онлайн форматта өтуіне байланысты Қазақстанның немесе Орталық Азияның кез-келген аймағынан қатыса аласыз.
ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ
Зертхананаға қатысу үшін өтініш үлгісін толтырып, түйіндеміңізді, портфолио мен мотивациялық хат жіберіңіз. Өтінім қабылдау мерізімі 12.00, 29 мамырға дейін.
Сұрақтарыңыз болса, бізге opencall@tselinny.org жазыңыз.
ЗЕРТХАНА НӘТИЖЕЛЕРІ
Оқыту барысында сіз жеке немесе жұптық жобамен жұмыс істеуді бастап, жобаны қортынды танытым кезінде қорғай аласыз
Қорытынды жобасын ұсынып, сабақтардың 70%-ына қатысқан студенттер Re-Practice Laboratory бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификат алады.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР
1
22 мамыр, 19.00
Вебинар
Зертхана бағдарламасы туралы толығырақ білуге, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоюға тамаша мүмкіндік.
2
29 мамыр, 12.00
Өтінім берудің дедлайыны
Өтініммен бірге түйіндемеңізді, мотивациялық хат және портфолиоңызды (егер бар болса) қоса жолдау қажет.
3
1 маусым
Қатысушыларды хабарлау
Зертханаға қатысу тегін
Орындар саны шектеулі

4
10 маусым
Бағдарламаның басталуы
Өнер, экология және жаңа медиа әлеміне назар сала бастайсыз
ЗЕРТХАНА СПИКЕРЛЕРI
  • Тоғжан Қасенова
    Саяси ғылымдар докторы, Олбани университетінің саяси зерттеулер орталығының (SUNY-Albany), аға қызыметкері, ядорлық қауыпсыздік, жаппай қырып-жою қаруын таралуына жол бермеу, стратегиялық сауда бақылауы, санкцияларды қолдану және қаржылық қылмыстардың алдын алу жөніндегі маман. «Атом улаған дала: Қазақстан ядролық қарудан қалай бас тартты» (Stanford University Press баспасы басып шығарған, 2022) атты кітаптың авторы.
  • Асхат Ахмедьяров
    Суретші өз шығармашыдығында әр түрлі техниканы қолданады. Мысалы: кескіндеме, графика, видео, фотосурет, инсталляция мен перформанстар. Суретшінің шығармашылық өмірінен  активистік өмірін бөліп-жарып қарастыра алмаймыз. Автор өз туындылары мен акцияларында екіұштылық пен иронияны араластырып көрерменмен сынды дистанция ұстайды. Ахмедьяров өз шығармалары арқылы көрерменге біздің үнемі өзгеріс үстіндегі әлемде туындайтын мәдени, әлеуметтік және саяси өмірдегі диссонансты бейнелейді.

  • Азиза Кадыри
    Өнер мен иммерсивті технологиялардың ұштасқан тұсында жұмыс істейтін мультидисциплинарлы суретші. Qizlar Collective (Ташкент, Өзбекстан) негізін қалаушы. 2024 жылғы Венеция биенналесінде Өзбекстан ұлттық павильонның суретшісі. Азиза визуалды өнері, театр, перформанс және кеңейтілген шындық саласында жобалар жасампазы. Жобаларының қатарында Прага квадренниалесі, Афина цифрлық өнер фестивалі, Гараж заманауи өнер мұражайы, Гөте институты және т.б. аясында жасалғандары да бар.
  • Владислав Слудский
    Kуратор, тәуелсіз арт-кеңесші, 2010 жылдан бері жыл сайын Алматыда өтіп келе  жатқан ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалінің тең құрылтайшысы. Көрмелерді, фестивальдерді, мәдениет саласындағы білім беру бастамаларын, сондай-ақ жергілікті және халықаралық өнер қауымдастығы арасындағы алмасу бағдарламаларын қолдайтын Еуразиялық Мәдени Альянс (ECA) бейкоммерциялық ұйымының тең құрылтайшысы. 2021 жылы Forbes 30 under 30, рейтингінің жеңімпазы. Барселонада 2023 жылдан бері тұрады және сонда жұмыс істейді.
  • Насиба Байматова
    Ph.D., қауымдастырылған профессор, «Биосфера экологиясы» зертханасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-химиялық талдау және зерттеу әдістері орталығының жетекші ғылыми қызметкері. 17 жылдан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесі бар. «Үздік университет оқытушысы 2021» атағына ие. 2014 жылы ол үздік қазақстандық ғалымдарға берілетін АҚШ-тың  (CRDF) Global Азаматтық зерттеулер мен даму қорының  жоғарғы бәсекеге қабілетті арнайы грантының, 2017 және 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының, 2018 жылы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік жас ғалым» байқауының иегері. АҚШ Мемлекеттік департаменті, АҚШ Білім және мәдениет істері бюросы қаржыландыратын IVLP “Hidden No More: Empowering Women Leaders in STEM" 20222 атты бағдарламаға қатысушысы.
  • Елена Никоноле
    Берлин мен Стамбул арасында тұратын жаңа медиа суретшісі, тәуелсіз куратор және оқытушы. Еленаны гибридті өнер, биосемиотика және жасанды интеллект салалары қызықтырады. Жұмысының бір бөлігі адамзаттан кейінгі болашақтың утопиялық сценарийлеріне арналған болса, тағы бір бөлігі анти-утопиялы қазіргі күнге және технологияға қатысты сыни көзқарасқа бағытталған.
  • Әсел Баймұқанова
    Гидробиология және экология институтының ғылыми қызметкері, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің этологы, видеоредакторы және докторанты. 2013 жылдан бастап Каспий итбалығын зерттеумен айналысса, 2015 жылдан бері осы түрді зерттейтін қазақстандық ғалымдар тобының құрамында. Зерттеудің негізгі мақсатына Қазақстан Республикасының Сирек және жойылып бара жатқан түрлерінің тізіміне енгізілген Қазақстандағы жалғыз теңіз сүтқоректісі Каспий итбалығының мінез-құлқын зерттеу.
  • Иван Раделюк
    Ph.D.,  су ресурстары инженері мамандығы бойынша Lund University (Швеция) түлегі,  «Торайғыров университеті» КЕАҚ химия және химиялық технологиялар кафедрасының зерттеуші ғалымы Павлодар қаласы. Оның зерттеулері қоршаған ортадағы ластаушы заттардың таралу жолдарын талдаудан, өнеркәсіптік нысандардағы су қорларын басқару жүйелерін жетілдіруден, қоршаған ортаға тигізген әсеріне баға беруден, сондай-ақ мүдделі тараптарға арналған ғылыми негізделген шешімдерді табу үшін программамалау және модельдеу әдістерін қолданудан тұрады.
  • Александр Вилейкис
    Философ, әлеуметтанушы, SEl AlmaU профессоры, Ordinary Research зерттеу компаниясының меңгеруші серіктесі. Күңгірт экологияны зерттеу жолындағы орыс тілді ортадағы пионерлердің бірі, философия және қалатану саласын бойынша жазылған еңбектердің авторы. Таяуда жарық көрген мәтіндері еуропалық білім берудің және оның деконструкция кеңістігімен мифтік және саяси кеңістіктің арасындағы өзара қатынасына арналған.
  • MAOTIK
    Маотик деген лақап атпен танымал Матье Ле Сорд - әлемдегі ең атақты және ең танымал цифрлық суретшілердің бірі. Ол иммерсивті және интерактивті инсталляцияларды, аудиовизуалды перформанстарды және толық күмбезді проекцияларды жасауға маманданған. Туындылары Прагадағы Мutek, Signal Festival-інде, Лондондағы Британдық кино институтында, Линцтегі Ars Electronica фестивалінде, Токиодағы Miraikan ғылыми мұражайында және осы сияқты көптеген әлемнің әртүрлі фестивальдері мен мекемелерінде ұсынылған.
  • the2vvo
    дыбыс суретшісі Эльдар Таги мен Лена Позднякованың трансдисциплинарлық өнер дуэті, олардың тәжірибесі мүсін мен сәулет элементтерін, сондай-ақ бейнелеу және концептуалды өнерді біріктіруден тұрады. Ұжым ретінде құрылғаннан бері көшпелі өмір салтын ұстанып, Лос-Анджелес, Алматы, Берлин сияқты қалалардың мәдени ландшафтарымен тығыз байланыста болды.Ұжым өз тәжірибесінде дыбыс, импровизация, мүсін және композиция арқылы кеңістіктер, материалдар және қабылдаудың жеке физиологиялық процестері арасындағы өзара байланыстың көп қабатты динамикасын зерттейді.
  • Даурен Қалиасқар
    Топырақтанушы, MSc, University of Alberta (Канада) агроэкология бойынша докторанты. Өзінің ғылыми қызметінің барысында ол бірнеше жобаларға ат салысқан болатын. Солардың ішінде Солтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайында сұлының перспективалы сорттары үшін оңтайлы қоректену шарттарын анықтауға бағытталған зерттеулерге қатысты. Сонымен қатар, ол Альберта шабындықтарының топырақ жағдайын зерттеумен айналысқан. Оның докторлық жұмысының тақырыбы Саскачевандағы бұзылған шабындықтарды қалпына келтіру деңгейін зерттеуге бағытталған.
ЗЕРТХАНА МЕНТОРЛЕРI
  • Лена Позднякова
    Қазір Берлинде тұратын, Алматылық мультидисциплинарлы суретші, куратор және оқытушы. the2vvo-ның 1/2 мүшесі. Оның жұмысында табиғат пен мәдениет арасындағы қарым-қатынасқа зейін салынып, өнер, сәулет және экологиялық тұрақтылықты біріктіреді. Оның туындылары LAMAG, Ars Electronica, 60-шы Венеция биенналесінде (Қазақстан павильоны) фестивальдері мен көрмелерінде көрсетілді. Жүргізген зерттеулері UCLA-дағы ArcDR3 бастамасындағы еңбекті, Лиссабон университетінен COST-қа, Лондон Корольдік колледжімен бірлескен GRA-ға қатысуды қамтиды. Қазіргі таңда Берлин университетінде PhD дәрежесі бойынша білім алуда.
  • Ильдар Якубов
    Суретші, куратор, жаңа медиа саласындағы оқытушы. CTM Berlin, ARS Electronica Linz, Insonic ZKM Karlsruhe, Barentz Spektakel Kirkenes сияқты фестивальдар мен көрмелерге арналған туындылар жасады. Бағдарлама директоры ретінде ол цифрлық өнер саласында бірнеше білім беру жобаларын бастаған, сонымен қатар Art & Science ITMO, DigitalArt FEFU және Arttech MISIS магистрлік бағдарламаларында сабақ берді. MIT Media Lab Boston-да AR/VR хакатоның ұйымдастырушылардың бірі. 2021 жылдан бастап Ильдар Тбилисиде тұрады. Онда ол kargat.studio медиа жобасын жүргізді, Touch Festival, Bank of Georgia, Holoseum іс-шараларының шығармашылық жобаларында жұмыс істеді.
Re-Engage with Nature
2024
RE-PRACTICE
Жоба Chevron компаниясының қолдауымен Caravan of
Knowledge іс-шарасы аясында  жүзеге асырылуда