Жаңа көкжиек

«Целинныйдың» сәулеттік трансформациясы – бұл кеңестік кинотеатр ғимаратын заманауи мәдениет Орталығының жаңа функциясы – шығармашылық пен қоғамдық диалогтың инклюзивті алаңы ретінде қайта ой елегінен өткізген сәулетші Асиф Ханның көзқарасы. Қазақстанның мәдени астанасының қақ ортасында орналасқан жаңарған ғимарат өзінің көп жылғы тарихын жаңғыртып, жаңа ұрпақ үшін мүмкіндіктерге жол ашады.

Бұл сәулетшінің мәдени қалтарысы, мұз басқан тау мен өзеннің көне ландшафты бар Алматыға әрі оның бұрынғы, бүгінгі және болашақ тұрғындарына арнаған поэмасы. 

«Целинный» орталығы кеңістігінің жаңа құрылымы өзара әсерлер мен байланыстардан тұрады. Оның өзегінде бір кездері Кеңес Одағының ең үлкен киноэкраны орнатылған 18 метрлік төбесі бар үлкен зал орналасқан. Бүгінгі таңда зал алматылық көрермен үшін суретшілер мен кураторлар жасаған кез келген бағдарламаларға арналған икемді, әмбебап кеңістік-трансформер. 

Қазақтың тұрақты кеңістікті қабылдау сезімінен шабыт ала отырып, ғимараттың бірінші деңгейі келушілерді шақыратын біртұтас баспалдақсыз жазықтыққа айналады. Жаңа Целинный – Алматының ландшафтымен табиғи түрде үйлесім тауып, сыртқы және ішкі шекараларды жойып жіберетін ашық және барлығына қолжетімді қоғамдық кеңістік.

Реконструкциядан кейін ғимараттың қанаттарында “Капсула” галереясы, кітапханасы бар оқу “Шеберханасы”, “Целинный” баспасының кітап дүкені, орталық кеңсесі, сонымен қатар икемді көрмелер мен іс-шараларды өткізуге арналған арнайы жүктеме алаңы орналасқан. Оңтүстік қанаттағы JER кафесі тау өзенінің құрғап қалған арнасын еске түсіретін пейзажға қарайтын террассаға ашылып, Целинный Плаза мен іргелес Никольский саябағы арасында ландшафттық байланыс жасайды. Шатырда орналасқан мейрамханадан тау шыңы мен қаланың көрінісі көзге оттай басылады, осылайша мәдени өзара байланыстың жаңа қырын ашады. 

«Целинный» орталығының ашық демалыс және коммуникация алаңдары бар қоғамдық кеңістіктері Алматының тарихи “Бродвейін” жаңғыртуға арналған жаңа мәдени экожүйені құрайды.


Қосарлылық және символизм (Көктен Жерге)

Негізгі қасбет көшпелілер космологиясынан шабыт алған ағынды, ұзындығы 42 метрді құрайтын ақ бұлттың формасында бейнеленген. Бұл бұлт Тәңір – Аспан мен Ұмай – Жер арасындағы диалогты, сондай-ақ олардың бірлесуінен туған өмірдің шексіз мүмкіндіктерін бейнелейді. Күннің ағынымен күн қасбет бетінде жарық пен көлеңкенің кинематографиялық қозғалысын тудырады. Ханның үнемі өзгеріп отыратын бұлт пейзажының тұрақсыздығы монументалды кеңестік сәулет өнеріне талғампаздық пен табиғи органика береді. 

Биіктігі 8,5 метрлік ламельдердің ауадағы пішіні ғимараттың бастапқы функциясына ерекше назар аудара отырып, көрермендерді заманауи өнер және мәдениет әлемімен танысуға үндеп, “кинотеатр экранының алдындағы шымылдық” рөлін атқарады. 

Көзге көрінер-көрінбес қисықтары бар бұл ақ қабық әйнек қасбетпен ерекше үйлесім тапқан. Осылайша “Целинныйға” құрмалас кімдік үстей отырып, бір мезгілде панорамалық, кинематографиялық және атмосфералық сипатқа ие болады. Аспанда баяу қалықтап бара жатқан бұл сияқты форма уақыт пен перспективаға қарай өзгеріп, ішкі кеңістіктерді ашатын және жасыратын шиеленіс пен құпияға толы. 

Түнде вестибюль 1960-шы жылдардың есте қалатын көрнекі бейнесін жаңғыртып, келушілерді Аспан мен Жерді, тарих пен қиялды байланыстыратын символдық табалдырықтан өтуге шақыратын жарыққа бөленеді. Бұл “бұлттан” өту – демек «Целинный» мұрасы шабыт пен ынтымақтастық кеңістігі ретіндегі жаңа рөлімен өзара бітісетін синтезделген мәдени ортаға кіруді білдіреді. 


Естеліктер қабаты

Асиф Ханның Алматының орасан зор тарихи контекстін теңестіруге деген көзқарасы ХХ ғасырдағы модернизмді, күрделі мәдени кімдік пен уақыт және кеңістіктен тыс өмір сүретін жаңа әмбебап тілді біріктіретін ғимарат сәулетінен көрініс табады. Никольский соборының алтын күмбездерінің фонындағы «Целинный» орталығының қайта жаңғырған ғимараты қаланың осыған дейін сақталған сәулет матасына үйлесімді құрақ қосады. 

Кеңестік суретші Евгений Сидоркиннің 2000-шы жылдардың басында бұрынғы реконструкция кезінде гипсокартонның артына жасырылған және 2018 жылы ғана табылған түпнұсқа сграффитосы мұқият қалпына келтіріліп, қалаға қайта ашылды. Дыбыссыз реңктер мен “елес” алаңдар туындының тарихи тұрғыда бүлінген тұсын көрсетіп, өткен ұрпақ құрметтейтін, десе де жаңа әңгімелерге жол ашатын “көркем негіз” құрады. 

Ғимараттың фибробетон панельдерден жасалған, петроглифтердің бұлтты пейзажын еске түсіретін жаңа қанаттары метафоралық рельефпен безендірілген. Бұл рельеф бір мезгілде ежелгі қазақ өркениетін, Сидоркиннің сграффитосын және болашақ ұрпақтың өнер тілін меңзейді. 

Қоғамдық орталық және ашық өзара байланыс орнату кеңістігі ретінде енді «Целинный» алматылық замандастарды жаңа тарих, дәстүр жасап, армандарға қол жеткізуге шақыратын шексіз көркем кенепке айналды.