Ümit — жас суретшілерді қолдау бағдарламасы. Жобаның мақсаты – жас қазақстандық суретшілерді тарту және еліміздегі заманауи өнердің дамуына ықпал ету. Оның кураторлары жас таланттарға жеке көрмелер ұйымдастыруға көмектеседі.
Ümit Playground — бұл көркемдік тәжірибеде жаңа тілдер мен эксперименттік тәсілдерді іздеуге арналған зертхана. Жобаның арқасында әртүрлі көрме форматтары жүзеге асты. Олар Орталық көрме залында өтті.