Экология және тұрақтылық
«Целинныйдың» миссиясында - тұрақты даму, экологияны қорғау және әлеуметтік әділет біз жасайтын барлық істің өзегінде жатыр. Біз қоғамның әрбір мүшесі артта қалдырған ізінің өлшемін азайтуға кепілдік беретін шешім қабылдауға және шаралар қабылдауға жауапты деп санаймыз. «Целинный» – бұл өзгерістер тізбегіндегі платформа, сонымен қатар біз келушілерді ресурстарға ұқыпты қарауға шабыттандырып әрі үйрете отырып, қоғамдық мәселелерді шешеміз. Біз қонақтар арасында пікір алмасуды қолдап, сыни тұрғыдан ойлауға ынталандырамыз. Тұрақты даму тақырыптарын мәдени жобаларға біріктіру экологиялық сананы дамытуға және саналы тұтынуды қолдауға көмектеседі. Бүгінгі таңда тұрақты даму тақырыбы өмірдің барлық салаларын қамтиды, ал өнер әлемінде экологиялық күн тәртібі өзекті бола түсуде. Біз қазір жасаған кішкентай қадамдар болашақ ұрпақ үшін үлкен өзгеріс әкелетініне сенімдіміз және бәріміз оған өз үлесімізді қосуымыз керек. Біз әлемді өзімізден бастап өзгерте алатынымызды және өзгертуге тиіс екенімізді есте сақтаймыз.
Ғимаратты реконструкциялау
Тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау ұмтылысында біз ғимаратты бұзбай, оны реконструкциялау жолын таңдадық. «Целинный» үшін реконструкция жасау экологиялық жауапты қадам ғана емес, тарихи мұраны сақтау мүмкіндігі болды. Біздің залдар – бұл гибридті кеңістіктер, бұл бізге әрбір метрді барынша тиімді және экологиялық түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз кино, концерт, кинокөрсетілімдерден бастап, дәрістер мен воркшоптарды қамтитын әртүрлі іс-шаралардың форматына бейімделетін алаңдар құрамыз. Бұл тәсіл құрылыс және әрлеу материалдарына қажеттілікті барынша азайтуға және энергияны тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді, өйткені біз ресурстарды барынша тиімді пайдалануға ұмтыламыз.
Материалдарды жауапты жобалау және қайта пайдалану
Сценография бойынша жұмыс ресурстарды ұқыпты пайдалануға ықпал ететін тиімді шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Декорацияларды қайта пайдалану көптеген материалды екінші рет тұтынуға мүмкіндік беріп, көміртегі ізін азайтуға ықпал етеді. Біз құндылықтарымыз ортақ және қоршаған ортаға қамқорлық жасайтын жеткізушілермен және серіктестермен жұмыс істеуге тырысамыз. Осылайша, «Целинный» жаңа ресурстарға деген қажеттілікті азайтуға және бәрі циклді болатын жүйе құруға бағытталған үрдісті ұстанады.
Ынтымақтастық
Басқа институциялармен бірлесіп өнер туындысын жасау бірлесіп қаржыландыру және қолдау үшін бірігу тәжірибесін білдіреді. Аталған тәжірибе тұрақты және экологиялық өнер тәжірибелерін алға ілгерілету үшін маңызды әлеуетке ие ойластырылған тәсіл. Бірнеше мекеме материалдар мен нысандарды тасымалдаудағы күш-жігерді қосарлау үшін өз ресурстарын біріктіреді, бұл қалдықтарды азайтуға және ресурстарды тиімдірек пайдалануға ықпал етеді. Мекемелер өнер туындысын жасау үшін бірдей материалдардың бірнеше жиынтығын шығаруға жол бермей, өндіру, жеткізу және орнату процестерін үйлестіре алады. Бірлескен өндіріс өнер туындыларының уақыт өте келе өзекті және құнды болып қалуын қамтамасыз ете отырып, ресурстарды ауыстыру және одан әрі тұтыну қажеттілігін азайтады.
Технологияны инновациялық қолдану
Қазіргі әлемде технология тұрақтылық пен табиғатқа қамқорлық жасауда маңызды рөл атқарады. Цифрлық ақпараттық экран жүйесін пайдалану қағаз тасымалдағыштарды іске жаратуды айтарлықтай азайтуға көмектеседі, сонымен қатар энергия шығындарын азайтуға, контентті қосымша ресурстарсыз жаңарту мүмкіндігіне және келушілерді экологиялық бастамаларға тартуға әсер етеді.
Су
Экологиялық бастамаларымыздың аясында біз бір реттік пластикке қажеттілікті азайтуға көмектесетін және келушілерді қайта пайдалануға болатын су бөтелкелерін тұтынуға шақыратын, осылайша қоршаған ортаны қорғауға көмектесетін ауыз суға арналған субұрқақ орнатуды жоспарлап отырмыз.
Институциямен және кері байланыс механизмдерімен өзара байланысуға саналы көзқарас
Біз құрған «Целинныйдың» көлденең құрылымы өзгермелі қоғамдық қажеттіліктерге белсенді бейімделуге мүмкіндік береді және әртүрлі аудиторияға арналған Орталық бағдарламаларының инклюзивтілігін, қолжетімділігін және өзектілігін танытады Біз олардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсіну үшін жергілікті қауымдастықтармен қарым-қатынас орнатуға басымдық береміз, бұл Орталықтың шығармашылық бағдарламаларына әсер етеді. Қолжетімділікке бейілділік физикалық, когнитивті немесе экономикалық кедергілерге қарамастан, барлық адамның Орталықпен өзара ара-қатынас құруына жол ашады. Физикалық қолжетімділіктен басқа, инклюзивті және әртүрлі көзқарастарды білдіретін бағдарлама жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. Біз келушілер мен мүдделі тараптардың пікірлері мен көзқарастарын білуге тырысамыз. Кері байланыс мақсатында әрқашан info@tselinny.org электронды поштасына хат жаза аласыз.