Beyond the Post-Soviet: Where do we go from here?

Жазғы бағдарламаның бұл сегментінің мақсаты – посткеңестік кеңістіктің табиғаты және бұдан кейін не болатыны туралы пікірталасты бастау. Біз мұны жараларды, мұраларды және кеңестік отарлық мәселелерін ұғынуға көмек бере алатын құрылым ретінде, сондай-ақ мүмкін біздің төл «кеңестік/посткеңестік» бейотар шындығымызды сипаттау үшін ұжым болып сөздік қор жасап, түбегейлі жаңа және басқа болашақты елестетуге талпыну ретінде қарастыруды ұсынамыз.
Диана Т. Құдайберген — әлеуметтанушы, Кембридж университетінің профессоры. Мемлекет, ұлтшыл режимдер, гендерлік және идеологиялық қатынастарды зерттеді. 2015 жылы ол Кембриджде әлеуметтану ғылымдарының докторы дәрежесін (PhD) алды, әрі қарай сонда жұмысын жалғастырды.
Барт де Баре — өнертанушы-тарихшы, Антверпендегі заманауи өнер мұражайының директоры.
Николай Карабинович — суретші. 1988 жылы Одессада дүниеге келген. И.И.Мечников атындағы Одесса ұлттық университетінің философия факультетін бітіріп, бейнелеу өнері Жоғары институтында (Гент, Бельгия) оқыды. Бейне, перформанс, дыбыс, мүсінмен жұмыс істейді.
Евгения Моляр — суретші, өнертанушы және өнер тарихшысы.
Никита Кадан — суретші. 1982 жылы Киевте дүниеге келген. Ол Ұлттық бейнелеу өнері және сәулет академиясында білім алған. PinchukArtCentre 2011 бас жүлдесінің лауреаты («Тұғыр. Ығыстыру тәжірибесі»); Future Generation Art Prize 2012 халықаралық жүлдесінің номинанты («Алыптар үйі» туындысы).