Here, there, nowhere

Көрме
13.03.2021 – 15.05.2021
Tselinny Temporary (Желтоксан, 159)

Наурызда Tselinny Temporary-да here, there, nowhere («здесь, везде, нигде», «осында, барлық жерде, еш жерде») көрмесі ашылды. 

Көрмеге қазақстандық өнердің жаңа буынын бейнелейтін жиырма суретшінің жұмыстары қойылған. Заманауи өнер тарихы Қазақстан мен Орталық Азияда КСРО құлаған кезден бастау алады. Цензурадан азат болған заманауи суретшілердің алғашқы буыны тар пәтерде өтетін көрмелер мен «бейресми өнер» деп аталатын ортадан шығып, аймақтағы тарихи және саяси процестерге сыни көзқарас танытты. Дәстүр мен кеңестік академизмді бұзатын жаңа көркем тілдің қалыптасуы, сондай-ақ кімдікті іздеу тақырыбы 90-жылдардың аяғында аймақтық заманауи өнер дискурстарында негізгі орын алды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның суретшілері, кураторлары мен өнертанушылары халықаралық сахнада ортақ тарихи-мәдени байланыстармен тізе қосқан тұтас аймақтың үнін білдіретін бір арт-қауымдастыққа бірікті. 

Аймақта кейінгі 30 жылда мүлдем өзгеше контексте қалыптасқан суретшілердің жаңа буыны пайда болды - олар тәуелсіздіктің құрдастары, немесе интернет пен жаңа технологияның қарыштап дамыған тұсында бой түзеген жас буын. Аталған көрме жобасы өнерді айрықша қабылдап, оған өзінше көзқарас танытатын суретшілердің соңғы екі буынындағы дискурстардағы айырмашылықтар мен көркем тілдің трансформациясына бағытталған. Куратордың пікірінше, жас суретшілердің туындыларының айрықша белгілері көбіне концептуалды артикуляциядан, сыни күн тәртібінен және белгілі бір мерзімге құрылған тақырыптардан саналы түрде алшақтау болып саналады. Суретшілердің жаңа толқынының тәжірибесінде эмпирикалық тәжірибе, логоцентризмнен азат болу, иррационалды және интуитивті көркемдік ізденіс алдыңғы орынға шығады. 

«Орталық Азиядағы өнер әрқашан сыни, саяси болуға немесе мәдени бэкграундқа сілтеме келтіруге міндетті емес. Жергілікті мәдениет Алексей Шиндин шығармашылығындағы көрпенің күрделі формаларын, болмаса Диляра Қайыпованың шапандары мен кестелерін еске түсіретін посткеңестік тәжірибе мен жаңа дәуір проблемаларының қоспасына айналады. Мәдени қабаттар сияқты әрбір танымал эстетиканың элементтері оғаш, бірақ қайталанбас құрамдас бөліктерден тұратын коктейль жасайды», - дейді here, there, nowhere («здесь, везде, нигде», «осында, барлық жерде, еш жерде») көрмесінің кураторы Камила Нарышева.

Easy read TBA