Документация: Қазіргі өнер картасындағы Орталық Азия елестері

Көрме бізді Орталық Азиядағы 1990 және 2000 жылдар тоғысындағы оның аймақтағы (өзін-өзі) ішкі қабылдауына және жаһандық, негізінен батыстық заманауи арт-сахнаға мойын бұра отырып, өнер өмірін еске түсіруге шақырады. Бұл уақыт заманауи өнердің өзіндік тілінің қалыптасуымен, жаңа белестерді іздеумен, жаңа/ескі орталықтармен пікір таластырумен және оларға қатысты ұстанымымен ерекшеленеді.
Баяндама «Документация» жобасының жинағына негізделген және оның формасы мен логикасына сәйкес келеді. Сызықты емес, бөлшектенген, қозғалмалы - ол бір мезгілде өткеннің шашыраңқылығы мен біртұтастығын жеткізіп, оның қазіргі уақытта болу сезімін тудырады. Интерактивті және пікірталастық - өткенді сақтау және зерттеу үшін суретшілер мен зерттеушілердің бірлескен күш-жігеріне ашық платформа ретінде дерекқор идеясын танытады.
Көрме «Документациямен» біріктірілген үлкен көлемдегі мәліметтерді ұсыну тәсілдерінің бірі ретінде нысандар айналымын қамтиды. Нысандарға өнер туындылары мен оларды сүйемелдейтін материалдар, яғни: бейне және фотоқұжаттар, эскиздер, авторлық және публицистикалық мәтіндер кіреді. Олар «Целинныйдың» шеберхана кеңістігінде ұсынылатын болады. Аталған кеңістік өзінің қозғалғыштығымен көрмеге сәйкес келеді, ол шеберхана, зертхана және студия тоғысында мұқият зерттеуге және басқа уақыт пен ортаға енуге жағдай жасайды.