.jpg)
Кинотеатр жанындағы түнгі клуб алаңында «Бастау» жобасының екінші бөлімі – «Бұрышта: қала, орын, адамдар» көрмесі өтті. Көрме Орталық Азия суретшілерінің 15 туындысының көркемдік нарративтерін бір ортаға біріктірді. «Суретшілердің бірнеше буынын біріктірген «Целинныйдағы» заманауи өнер көрмесі Орталық Азияның заманауи өнерін зерттеу және көрмелер, резиденциялар, білім беру бағдарламалары арқылы жас суретшілерге қолдау көрсету аясында орталықтың болашақ қызметінің өзіндік бастамасына айналады. Бірінші көрмеде заманауи өнерге тән white cube кеңістік форматына мүлдем қарама-қайшы кеңістікпен жұмыс істеу мақсаты қойылған авторлар қатысты. Аталған эксперименттің нәтижесінде түрлі техникалар мен медианың көмегімен жүзеге асқан туындылар жасалды, олардың көпшілігін көрермендер тұңғыш рет көреді», - дейді Aspan Gallery негізін қалаушы және көрме кураторы Меруерт Қалиева.