«Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабының тұсаукесері

Пікірталас
14.06.2023
Tselinny Temporary (Желтоқсан, 137)

14 маусымда өтетін кітаптың аудармасының танытымында Friedrich Schegirtke жобасының негізін қалаушылар ақын және аудармашы Тілек Ырысбек және жазушы, журналист әрі аудармашы Сафина Ақтай мұндай аударманың маңызы мен күрделілігі туралы сөз қозғап, кітап жарық көрген 3 жылдан кейін аталған мәтіннің қандай мәнге ие екенін әңгімелейді. Ал кітап дизайнері, сыни және эдиториал дизайн бойынша оқытушы Камила Захидова физикалық, сыни дизайн және басылымның оңтайлығы туралы сөз қозғайды.

Мақалалар жинағында бейотар ойдың негізгі концептері, идеясы мен мақсаттарының генеалогиясы бақыланып, кейінгі үш онжылдықта қалай қалыптасып, өзгергені ой елегінен өтеді. Автор бұл константаға қазіргі сәт пен ғарыш жылдамдығымен өзгеріп жатқан әлем ұстанымы тұрғысынан оралады. Ол постотар теориямен меже орнату және ықтимал диалогқа түсу, отаршылдықтың екзистенсиал және онтологиялық аспектілері, мұражай мен университетті отарсыздандыру, бейотар эстезис және аффективтілік, посткеңестік кеңістік мәдениеті мен өнерін отарсыздық тұрғысынан саралау сынды бейотар бетбұрыстың маңызды мәселелеріне сыни тұрғыда тоқталады. Отарсыздық оптикасына ие үш заманауи суретші – Cәуле Сүлейменова, Таус Махачева және Хаив Қаһраманның шығармашылығы ірі планда көрсетілген. Жинақ жалпы оқырман қауымға арналады.

Easy read TBA