Re-Engage with Nature бағдарламасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы өзекті экологиялық мәселелерге және табиғатпен өзара байланысымызды тереңірек түсіну, мәнін жете ұғыну және қайта ой елегінен өткізу үшін цифрлық технологияларды пайдалануға бағытталған.
Бағдарламасы:
1. Антропоценнің заманауи пәлсапалық тұжырымдамалары туралы дәрістер мен семинарлар
2. Цифрлық өнердің теориясы мен тарихы бойынша дәрістер мен семинарлар
3. Заманауи суретшілердің экологиялық күн тәртібіне қалай жүгінетіндігі жөнінде семинарлар
4. Экологтармен кездесулер
5. Халықаралық және локалды суретшілермен артист-толктар
6. Цифрлық құралдарымен деректерді визуализациялау, ЖИ және аралас шындықта жұмыс істеу бойынша воркшоптар
7. Семинарлар және жобаларды толқылау
Бұл бағдарлама — заманымыздың ең өзекті экологиялық мәселелерінің мағынасын жете түсініп барып жұмыс жасауды қалайтын, жаңа бастап келе жатқан суретшілерге, дизайнерлерге, экологтарға, кураторларға, программистерге және сәулетшілерге арналған. Бағдарламаның онлайн форматта өтуіне байланысты Қазақстанның немесе Орталық Азияның кез-келген аймағынан қатыса аласыз.