Re-Practice: Sound

Бағдарламаның сипаттамасы:
Sound бағдарламасы дыбысты мәдени диалог, саяси рефлексия және көркем пайымдау құралы ретінде зерттеуге бағытталған. Орталық Азия, түркі және солтүстік азиялық мәдениеттердің бай дыбыстық дәстүрлерінен шабыт ала отырып, бағдарлама ғасырлар бойы дүниетаным мен қоғамдық өмірді қалыптастырған ауызша және дыбыстық тәжірибені қайта қарастыруға көмектеседі.
Бағдарламаға қатысушылар “әлемдік музыка” феноменін және оның екіжақты репрезентациясын - таңданыс нысаны әрі мәдени маргинализация құралы ретінде сыни тұрғыдан қарастыра алады. Батыс музыкалық канонынан тыс дыбыс тәжірибелеріне, соның ішінде дыбыстық медитация дәстүрлеріне және зейін қойып тыңдау рәсімдеріне ерекше ден қойылады.
Бағдарлама төмендегілерді қамтиды:
• Дыбыс тәжірибелерінің тарихи, әлеуметтік және саяси аспектілеріне арналған дыбыспен жұмыс істеудің әстүрлі және эксперименттік тәсілдерін меңгеретін дәрістер мен артист-токтар.
• қорытынды көрмеде ұсынылатын дыбыс өнерінің жаңа формаларын жасауға бағытталған практикалық уоркшоптар.
• Тәлімгерлермен жобалық жұмыстар, онда қатысушылар дыбыспен жұмыс істеудің лекциялық және эксперименталды тәсілдерін, сондай-ақ дыбыстық практикалардың тарихи, әлеуметтік және саяси аспектілерін зерттейді және финалдық саунд-арт жобасын жасау бойынша жеке қолдау алады.
Re-Practice Sound зертханасы ұжымдық тыңдау, рефлексия және шығармашылық трансформация кеңістігіне айнала отырып, дайындық деңгейіне қарамастан бәрін қазіргі заманның күрделі сұрақтарына жауап тауып, болашақ өзара байланыстар мен өзгерістерге негіз құру үшін дыбыс әлеміне енуге шақырады.
Бағдарламаның басталуы:
06.05.2025 - 19:00 (GMT+5)
Форматы:
Гибридті (дәрістер мен артист-токтар — онлайн, барлық тәжірибелік сабақ — оффлайн).
Кімге арналған:
Пәнаралық суретшілер, музыканттар, кураторлар, зерттеушілер, студенттер, саунд арт әлеміне аяқ басқысы келетін бағдарламашылар.
Қалай қатысуға болады:
Freedom Bank-тің қолдауымен грант негізінде Re-Practice: Sound зертханада қатысу үшін вебсайтта өтінішті толтырыңыз, түйіндеме мен ынталандыру хатын жолдаңыз.
Өтінімдер 27 сәуірге дейін (Алматы уақыты бойынша 23:59-ға дейін) қабылданады.
Сондай-ақ курсқа ақы төлеу арқылы да Зертхана қатысушысы бола аласыз. Ол үшін тарифті таңдаңыз:
Толық курс – 80.000 тг
«Еркін тыңдаушы» тарифі (тәлімгердің жетекшілік етуінсіз) — 40.000 тг
1 артист-токқа бару – 3.000 тг
Егер сұрақтарыңыз болса, біздің learning@tselinny.org поштамызға жазыңыз.
Зертхана нәтижелері:
Қорытынды саунд-арт жоба курстың нәтижесі болмақ (перформанс, инсталляция, аудиовизуалды инсталляция). Жоба жеке немесе топтық болуы мүмкін.
Зертхана тәлімгерлері:
Жоба идеяларын талқылау, жобалар бойынша кері байланыс алу үшін тәлімгерлермен апта сайынғы кездесулер.
Тәлімгерлер – Анастасия Толчнева lovozero (оффлайн) және Эльдар Таги (онлайн).
Зертхана спикерлері:
Зира Наурызбай, Тоқжан Қаратай, Яра Мекауи, Мерей Отан, Педро Оливейра, Адела Меде, Будхадитья Чаттопадхьяя, Анастасия Толчнева (lovozero), Владислав Генералов, Джада Далла Бонта, Юлия Глухова