Қол мен көз

Көрме
25.12.2020 – 28.02.2021
Tselinny Temporary (Желтоксан, 159)

Tselinny Temporary-да ашылған «Қол мен көз» көрмесі Рустам Хальфин мен Лида Блинованың жұмыстары мен Сәуле Сүлейменова және Suinbike-нің  PULOTA. LIDIA BLINOVA деректі фильмін көпшілік назарына ұсынды. Көрме жобасы Tselinny Publishing баспа бағдарламасы аясында өнертанушы Нәзипа Еженованың «Жанды тоғысу» очеркінің жарық көруіне негізделді.

Лида Блинова – Орталық Азиядағы заманауи өнердің негізін салушылардың бірі, Рустам Хальфиннің әйелі және серігі. Көбіне бейресми көрмелерде ғана көрсетілген перформанстар мен акциялардың авторы. Лиданың «Саусақ оюы» фотоинсталляциясы 1995 жылы Ә.Қастеев мұражайында өткен «Галереялар шеруі» көрмесіне қатысып, көптеген халықаралық көрменің бір бөлшегіне айналды.

Рустам Хальфин — көшпенділер өнерін заманауи көркем тілмен қайта түсіндіре отырып, перформанс, инсталляция және видео-артпен айналысқан еліміздегі алғашқы суретшілердің бірі. Оның туындылары Мемлекеттік Третьяков галереясының, Шығыс халықтарының мемлекеттік мұражайының, Нью-Джерсидегі Zimmerly нонконформистік өнер мұражайының, Мәскеудегі фотография үйінде және т.б коллекцияларда сақталған.

«Жанды тоғысу» —  қазақстандық заманауи өнердің дамуының маңызды кезеңі туралы очерк және сол оқиғалардың негізгі қатысушыларына деген жекелеген көзқарас. Кітаптың басты кейіпкерлері Лида Блинова мен Рустам Хальфин деректі-мемуарлық сипатқа ие, онда автор куә болған фактілер мен оқиғалар, өнер мен өмірдің, адамдар мен кітаптардың, кездейсоқ кездесулер мен оқиғалардың жанды тоғысуы автордың жеке призмасы негізінде бейнеленген.

Easy read TBA