Transliterative Tease

Дәріс / Перформанс
18.05.2023
Tselinny Temporary (Желтоқсан, 137)

Фонетикалық, семантикалық және теологиялық бұрмалаулар призмасы арқылы Transliterative Tease  транслитерацияның әлеуетін зерттейді, яғни  жазуды түрлендіру – кімдік саясаты, отаршылдық пен сенім саясатына қарсылық пен оны зерттеу стратегиясы ретінде қарастырады. Перформатив дәріс бұрынғы Кеңес Одағының түркі тілдеріне, сондай-ақ түркі саласының: Анадолыдан бастап Шыңжаң/Ұйғырстанға дейінгі аумағын қамтитын шығыс және батыс шекараларына арналған. Ленин шығыс революциясы КСРО-ның барлық мұсылман субъектілерінің әліпбиін латыншалаудан басталады деп есептеді. Әліпбилер маршы әрқашан империялар маршымен – яғни араб тілі исламның пайда болуымен, латын – римдік католицизмнің келуімен, кириллица – православие шіркеуінің келуімен және кейіннен коммунизммен қатар жүрді. Дәріс халықтарды емес, тілімізден шығатын дыбыстарды азат етуге бағытталған. 

Slavs and Tatars  – көркем зерттеу тобы. Ұжым «Батыстағы бұрынғы Берлин қабырғасы мен Шығыстағы Ұлы Қытай қорғаны арасындағы кеңістікті» зерттейді, сонымен қатар көркем көрмелер, дәрістер ұйымдастырып, кітап сүйер қауымның басын қосады.

Easy read TBA