Антропоцендегі тың жер

Семинар/дәріс/фильм
16.09.2024
Байзақов көшесі, 280, Smart Point коворкинг, Freedom Hall

17:00 – БОЛАШАҚ ЭКСТРАКЦИЯСЫ: СУРЕТШІНІҢ КӨЗІНДЕГІ СОЦИАЛИСТІК АНТРОПОЦЕН Майя және Рубен Фоукс (Dr. Maja Fowkes, Dr. Reuben Fowkes) (Лондон университеттік колледжі)

Майя мен Рубен Фоукс Лондон университеттік колледжі өнер Постсоциалистік орталығының тең директорлары және трансұлттық заманауи өнерді зерттеу платформасы Translocal Institute for Contemporary Art бірлескен басшылары, посткеңестік кеңістіктегі экологиялық сыни даму перспективаларына маманданған заманауи өнер мен экология және жаратылыстану ғылымдары тоғысындағы сарапшылар. 

17:30 – ХРУЩЕВ УТОПИЯСЫ: ТЫҢ ЖЕРДІ ИГЕРУ НАУҚАНЫНДАҒЫ ЦЕЛИНОГРАД (1953-1964) - Ален Асқар (КИМЭП университеті)

Ален Асқар – тарихшы және КИМЭП университетінің оқытушысы. Ол ХХ ғасырдағы кеңес тарихы мен Орталық Азиядағы мәдени өзгерістерді зерттейді. Оның зерттеулері Хрущевтің Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының қоғамдық-саяси зардаптарына және оның Целиноград қаласының дамуындағы әсеріне арналған. 

18:00 БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ҚҰПИЯСЫ. ӘЙГЕРІМ ҚАПАР

Әйгерім – өнер және отарсыздандыру тәжірибесі саласындағы тәуелсіз куратор, зерттеуші және белсенді.

18:30 – ТАЛҚЫ

19:00 – ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛІМІ. Ресей тұйықталатын жер (2024), режиссері Алексей Радынский

Алексей Радынский – украиналық режиссер, Лондон университеттік колледжі «Визуал өнердегі социалистік антропоцен» (SAVA) зерттеу жобасының шығармашылық тобының мүшесі. Фильм патшалық дәуірден социализм дәуірі және бүгінгі күнге дейінгі Ресей империализмі тұсында Сібірдегі байырғы халықтарды жерін қанап, жою мәселесі қарастырылады. 

Easy read TBA