Эссе фильмдер: жекелік пен саясилық арасында

Кино/Дәріс
22.02.2024 – 16.03.2024
Институт Гете, Калифорния

Эссе фильмі – ой қорытуға негізделген фильм. Эссе фильмінің нақты белгіленген формасы жоқ, ол жинақталған мұрағаттық суреттерден, статикалық кадрдан немесе ойын көріністерінен тұруы мүмкін. Киноэссеистердің тамыры еуропалық Мишель де Монтень мен Фрэнсис Бэконның эсселерінен бастау алады, қозғалмалы бейнелер аясындағы алғашқы очерк жазушылар да еуропалықтар еді, алайда кейінгі онжылдықтарда бұл жанр өзінің демократиялық сипаты мен қарапайым орындалуының арқасында әртүрлі елдердің кинематографиясына тарады. 

Мұндай әдеби форма пайда болғаннан бері эсседе автор болуы керек еді, ал мұндай мәтіндерде оқиғаны аяқтайтын қандай да бір тұжырымдар мен ережелер емес, ой қорытудың өзі басым түсті. Бұл өткен ғасырдағы негізгі эссе фильмдеріне де тән қасиет, мәселен, Крис Маркер, Ален Реснаис, Агнес Варда, Харун Фарокки шығармаларынан түйінсөз табудың өзі қиын. Оның үстіне, олардың ойларын бір-екі сөйлемге сыйғызу мүмкін емес, себебі олар түрленеді, күрделене түседі және қысқа ықшамдаудан бойын аулақ салады. Бұл күмәнданудың белгісі.

Соңғы кездері YouTube және басқа платформаларда видео эсселер жиі кездеседі. Аталған эксплейнерлардың мәні - белгілі бір құбылысты түсінікті тілде түсіндіру. Бейне сөздердің тікелей иллюстрациясы, айқын мысал қызметін атқарады. Мұндай видеоларда авторды табу қиын, аталған видеолардың көпшілігінде олар камераның алдында отырады. Олар ақпаратты іріктеушілер, академиялық білімді ғылыми-көпшілікке айналдыратын редакторлар. Біз эссе жазудың ғылымнан гөрі өнерге көбірек қатысы бар тұсына ерекше назар аударғымыз келеді. Америкалық авангардтық киноны зерттеуші Пол Артур екі мыңыншы жылдардың басында: «Барлық эссе фильмдерін біріктіретін қасиет - үнемі өзін-өзі іздеумен болатын автордың ашықтан ашық қатысуы» деп еді. 

«Целинный» екі алаңда дайындаған және 8 көрсетілімнен тұратын бұл кинобағдарлама көрерменді эссе фильм жанрының тарихымен және төл ойлары мен жеке оқиғаларын ұсынатын аталған жанрдың өкілдерімен таныстырады. Оның мақсаты - саяси жазықтықта жатқан мейлінше жаһандық мәселелерге табан тіреп, кейін оқырманға назар салып, өз ойын аяқтамай, оның даму барысын көрсете отырып, көрерменді диалогқа шақыру. 

Эссе классиктері Крис Маркер («Сібірден хат», «Күнсіз») және Харун Фароккидің («Өшпейтін от», «Әлем суреттері және соғыстың қолтаңбасы», «Интерфейс», «Қол қимылдары») негізгі шығармаларынан бастайық, аталған картиналар постмодернистік философиялық шығармалармен салыстырылатын қазіргі заман туралы күрделі ойталқы ұсынады. Енді жанрдың заманауи өкілдеріне ойысайық. Әйгілі деректі кинорежиссер Чинь Т. Минь Ханың «Вьетнамды ұмыту» туындысы - ел мифологиясын, оның модернизациямен байланысын және қоғамдағы парадокстарды зерттейтін екі түрлі камерамен әртүрлі уақытта түсірілген үйге қайту жолсапары. Паял Кападия «Білмеу түні» — Үндістандағы махаббат, кино және саясат туралы қиял мен шындықтың шекарасын бұлдыр ететін фильм-хат. Пол Б. Пресьядоның «Орландо, менің саяси өмір жолым» — заманауи философтың алғашқы кинематографиялық жұмысы, Вирджиния Вулфтың транс-тұлғалармен сұхбаттары әрі Пресьядоның кадрдан тыс әңгімелерімен араласқан романның еркін экранизациясы. Тағы бір көрсетілім Шри-Ланка, Франция, Бельгия және АҚШ авторлары заманауи формалар және құралдармен әртүрлі тәсілдерді қолданып тәжірибе жасайтын бірнеше қысқаша эксперименталды эссе фильмдерден тұрады. 

Бағдарлама Харун Фароккидің фильмдерін көрсету құқығын алып берген Гөте-Институттың, Крис Маркер фильмдерін көрсету құқығын қамтамасыз еткен Француз Институты, «Орландо, менің саяси өмір жолым» фильмінің көрсетіліміне демеушілік жасаған Қазақстандағы Франция консулдығы мен іс-шараны өткізуге алаң ұсынған Spring CA медиасының қолдауымен жасалды. Харун Фароккидің фильмдері ағылшынша субтитрдің сүйемелдеуімен неміс тілінде өтеді. Қалған көрсетілімдер де түпнұсқа тілдерде, екі тілдегі субтитрлері – орыс және қазақ тілдерінде көрсетілетін болады. 

support of the Goethe Institut, which provided screening rights to Harun Farocki's films, Institut français, which provided screening rights to Chris Marker's films, the French Consulate in Kazakhstan, which sponsored the screening of Orlando, My Political Biography, and Spring CA Media, which provided the venue. Harun Farocki's films will be screened in German with English subtitles. The other films will be screened in the original languages with bilingual subtitles, both in Russian and Kazakh.

Easy read TBA