
12-21 қараша аралығында «Арман» кинотеатрында «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе отырып, еліміздің жаңа тарихындағы ең айтулы фильмдер көрсетілген “Қазақ жаңа толқыны” кинофестивалі өтті. Көрермен қауым тұңғыш рет үлкен экраннан айтулы қазақстандық фильмдерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Фестиваль бағдарламасында танымал қазақстандық режиссерлердің әйгілі фильмдері, сондай-ақ кең ауқымды прокатқа шықпаған сирек туындылары да бар. Бұл қатарда Виктор Цой басты рөлді сомдаған Рашид Нұғмановтың бұлдыр кейінгі кеңестік «Игла» драмасы, ең ауқымды қазақстандық тарихи фильм, Ардақ Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі» картинасы, Абай Қарпықовтың «тоқсаныншы жылдар» көңіл-күйіндегі “«Фара» ностальгиялық драмасы, ересек өмірге қадам басу туралы нәзік хикаядан тұратын Дәрежан Өмірбаевтың «Қайрат» фильмі, Серік Апрымовтың «Соңғы аялдама» толықметражды дебюті, сондай-ақ «Қазақ жаңа толқынының» маңызды бөлігіне айналған, бірақ көпшілік көрермен назарынан орынсыз тыс қалған басқа да көптеген фильм бар.
Фестивальдің әр күні бір режиссердің шығармашылығына арналып, оның алғашқы және соңғы картинасы көрерменге ұсынылды. Кейбір картиналар алғаш рет таспада көрсетілді.
«Армандағы» кинокөрсетілімнен бөлек, Tselinny Temporary кеңістігінде көрерменге кең ауқымды қоғамдық бағдарлама ұсынылды. Нақты туындыларды көрсету мақсатында жоғарыда аталып өтілген режиссерлермен тақырыптық кездесулер өтіп, олардың кәсіби аудиторияға арналған шеберлік сабақтары да күн тәртібінен тыс қалмады.