
Ашылу бағдарламасы “Барсакелмес” іс-шаралар сериясынан басталады. “Целинный” заманауи мәдениет орталығы ұйымдастырған “Қорқыт” дыбыс өнері триенналесі сияқты жай ғана кеңістіктік ғана емес, мұндай уақыттық тәсіл қазақ халқының көшпелі, перформатив сипатына негізделген. Қонақтарға ғимаратты тануға мүмкіндік беретін бірінші кезеңде спектакльдер, концерттер, іс-шаралар мен жергілікті және аймақтық суретшілер жүзеге асырған бастамаларға назар аударылады. “Барсакелмес” qazaq indie өнерпаздары, Samrattama, Гүлнұр Мұқажанова, Дәрия Темірхан және басқа да суретшілер, музыканттар, ғалымдар және сәулетшілермен диалогта жасалған.
Барсакелмес – Арал теңізіндегі бұрынғы арал, қазір Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданындағы шатқал. Бағдарламада Барсакелмес географиялық және концептуалды орталық ретінде қарастырылып, Орталық Азияға тән дәстүрлі ән және музыкалық форма саналатын ежелгі күй Нұртөле туралы миф хақында ой толғайды. Хикая демократиялық миф тудыру рухында өрбиді, мұнда суретші автор емес, белгісіз тұлға. Нұртөле қобыз үнімен жылан тәрізді бәрін жұтып тонаушы жаратылысты Арал теңізіне қуып шығады, бүгінде ғасырлар өткен соң, Арал теңізі Кеңес үкіметі тұсында табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбау салдарынан жойылып кетіп, әлемдегі техногендік экологиялық ең күрделі апаттардың бірі саналады. Енді су кетіп, орны құрғағаннан кейін жылан тәрізді жаратылыстардың рухы қайтып оралды. Қазақ тілінде “барсакелмес”, “бір кетсең, қайтып оралмайсың” деген мағынаны білдіреді. Бұл кетуді немесе көші-қонды жергілікті өнер және зиялы қауымның, аймақтың өнер қауымдастығының жай-күйінің метафорасы ретінде қарастыруға болады, қала берді оны халықаралық қауымдастыққа да қолданудың әбестігі жоқ.
Нұртөле туралы аңызда ежелгі бастама білдірудің, әруақтарды еске алудың жаңғырығы сақталған. Сол сияқты, бағдарлама әр түрлі ақпарат құралдары – өнер, дыбыс, музыка, би және кең мағынада визуал мәдениет арқылы әруақтардың желеп-жебеуімен жаңа “Целинный” кеңістігін рәсімдік тұрғыда тазартуды көздейді. Мұндай пәнаралық тәсіл “Целинныйды” дұға-тілектер жүзеге асатын, өнер мен ойдың баспанасы ретінде көрсетуге бағытталған; ол енді кинотеатр емес, перформанстар мен көрмелер өткізуге арналған кеңістік және рефлексия танытуға арналған мекен.
“Барсакелмес” тақырыбын ресинтездеу және қайта ой елегінен өткізу - “Целинный” ұжымы, өнерпаздар - Гүлнұр Мұқажанова, Дәрия Темірхан, Samrattamа мен qazaq indie тобының бірлескен жұмысы.
Ашылу бағдарламасында сонымен қатар Орта 1 кеңістігінде Асиф Ханның “Аспаннан жерге дейін: Целинный” атты ғимаратты қайта жаңарту жұмыстары туралы сәулет көрмесі өтеді, көрменің кураторы - өнер және сәулет тарихшысы, д-р. Маркус Лахтиинмяки.
Шеберханада “Документация: Орталық Азияның қазіргі заманғы өнер картасындағы көрінісі” атты жоба пайда болды. Жобаның кураторы - 1985 жылдан бері Орталық Азияның мұрағат қорларынан алынған сандық деректер жиынтығын зерттейтін Әсел Рашидова, аталған жоба 1990 және 2000-шы жылдар тоғысындағы Орталық Азиядағы заманауи өнер өмірін еске түсіруге арналып, оның өңірдің өзінде және халықаралық, әсіресе батыс арт-сахнасындағы өзін-өзі қабылдауына назар салады.
Сызықты емес, бөлшектенген, мобильді көрме - өткеннің біртұтастығы мен бөлшектілігін алға тартып, құдды өткен осы шақта бардай әсер қалдырады.
Интерактивті және дискуссиялық жоба өткенді сақтау және зерттеу үшін суретшілер мен зерттеушілер арасында бірлескен жұмысқа арналған ашық плафторманың дерекқоры идеясын танытады.