
2018 жылдың күзінде «Целинный» заманауи мәдениет орталығы үш бөлімнен тұратын «Бастау» атты ауқымды көрме жобасымен ашылды. Бұрынғы кинотеатрдың орнында орналасқан панельдер мен экрандарда 1960-80 жылдар аралығындағы сәулет өнерінің үлгілері туралы визуалды деректер болды. Жобаның бұл бөлігі «Гараж» заманауи өнер мұаражайы, фотограф Юрий Палмин және алматылық сәулетшілер қауымдастығымен бірлесіп жүргізген сәулет тарихшыларының зерттеулеріне негізделген. Көрнекті қала сәулетшісі Владимир Кацев оны ескі Алматының қалалық стилімен байланыстыруға атсалысты. Владимир Кацев сонымен қатар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының, «Медеу» биік таулы мұз айдынының, Алматы циркі ғимаратының және басқа да қалалық нысандардың авторы және бас сәулетшісі болған.