
«Целинный» заманауи мәдениет орталығының баспа бағдарламасы аясында жүзеге асқан бірінші жоба - зерттеуші Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» мақалалар жинағы болды.
Осы оқиғаға орай Tselinny Temporary уақытша кеңістігінде туындылары Мадина Тлостанованың жинағында аталып өткен заманауи суретшілер Сәуле Сүлейменова мен Медина Базарғалидың көрмесі ашылды. Сәуле Сүлейменова мен Медина Базарғалидың туындылары отарсызданудың күрделі үдерісін бастан өткеріп әрі өзінің қоғамдағы орнын сезінетін адамның қазіргі өзекті мәселелерін бейнелейді. Кітап бейотар бетбұрыс тақырыбын және оның посткеңестік кеңістік үшін маңызын қозғайды. Көрме жобасы аясында Сәуле Сүлейменова бірнеше жібекбаспа ұсынумен қатар 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп келе жатқан «Целлофандық кескіндеме” сериясының жұмыстарын ұсынды. Ал Медина Базарғали “Құртты отарсыздандыру» фильмін көрсетті.