
Re-Practice зертханасы — бұл жаңа медиамен жұмыс істеуге ерекше назар аудара отырып, жаңа көркемдік тәжірибелерді дамытуға бағытталған жыл сайынғы пәнаралық бағдарлама. Зертхана өнердің экспериментал түрлері мен жаңа технологияларға ерекше көңіл бөледі. Күн сайын екі ай бойы опен-колл нәтижесінде іріктелген 15 адамнан тұратын топ инсталляция жасау, көрме өндірісі, анимация, видеоинсталляция, саунд-арт және т.б меңгеретін болады.
Re-practice білім беру бағдарламасы курстары мен оқытушылар тізімі:
Қиял зертханасы:
Көп арналы видеоинсталляциялар жасау көркем қойылымдарды жазу бойынша шеберлік сыныбы суретшілерге, дизайнерлерге және терең видеоинсталляциялар жасауға қызығушылық танытатын кез келген адамға арналған. Шеберлік сыныбы келесі тақырыптарды қамтиды: концепцияны әзірлеу, техникалық аспектілер, кеңістіктік және дыбыстық дизайн, аудиториямен өзара байланыс, көркем спектакльдерді жазу және оларды видеоинсталляцияларға интеграциялау. Сондай-ақ өнер мен видеоинсталляцияның қиылысы, қойылымдарды жазу әдістері мен бейнені кейінгі өңдеу мәселелері талқыланады. Біз сондай-ақ Fine Art пен кинода қолданылатын кескіндердегі тіл айырмашылығын қарастырамыз.
Әйгерім Түменбай «Анимациялық воркшоптар»
Бағдарламаның мақсаты - тәжірибелік сабақтар жүретін қысқа уақыт ішінде білім алушыларды анимация процесімен және оларды осы процестің механикасымен таныстыру. Курс «қозғалыстан” қорқуға көмектесіп, білім алушыларды суреттерді қозғалта алуға арналған құралдарға баулиды. Курс барысында мен бір идеямен жұмыс істеуді ұсынамын, оның бөліктері әртүрлі әдістерді қолдана отырып анимацияланады және бағдарлама соңында қатысушылар оқиғаны 1-3 минуттық анимациялық роликке біріктіреді.
Дмитрий Морозов/::vtol:: «Дыбыс көркемдік тәжірибелерінің техникасы мен технологиялар»
Курс әртүрлі медиамен, соның ішінде ең әуелі дыбыспен күрделі интерактивті жобаларды құруға арналған. Сабақтар барысында біз max/msp және pure data сияқты жасақтама саласында жұмыс істеп, соның негізінде генеративті перформанстар мен дыбыстық инсталляцияларды бағдарламалауды үйренеміз, сонымен қатар үрделі технологиялық арт-нысандарды жасаудың негізгі тәсілдерімен танысамыз.
Анастасия Толчнева/a.k.a. Lovozero «Дыбыстың перформативтілігі»
Курс перформативті және технологиялық тәжірибелер контекстінде дыбыспен жұмыс істеуге арналған. Курс барысында біз дыбысты қабылдау және оны өндіру түрткілерін зерттейміз, дыбыстық оқиғалармен жұмыс істеуге арналған негізгі цифрлық құралдарды жасау әдістерімен және дыбыстық перформансты жасаудың эксперименттік тәжірибелерімен танысамыз.
Ильдар Якубов «TouchDesigner – жобалау өнері»
Курс барысында біз TouchDesigner-мен жұмыс істеу негізінде пайда болған мүмкіндіктер туралы толығырақ біліп, оларды өз көркемдік тәжірибемізде қолдануға тырысамыз.
Мария Пескова «Баламалы басып шығару әдістерінің негіздері»
Курс барысында сіз цианотипия, жібекбаспа, монотипия, құрғақ ине сияқты әртүрлі әдістермен таныса аласыз. Қолмен жасалған скетчбуктарда төл процестеріңіз бен мағыналарыңызды мұрағаттау және талдау арқылы қайнаркөздерге үңіліп, аналитикалық процесті жүргізуді үйренесіз.
Константин Петрук, «Продакшен-менеджмент бойынша қысқаша курс»
Курс тыңдаушыларымен бірге біз продакшен көзқарасындағы нақты мысалдар арқылы іс-шараның (көрме, live-шаралар) өмірлік циклі қалай құрылғанымен танысып, өз жобаңды жүзеге асыруда алаңның мүмкіндіктерін барынша пайдалану жолын түсініп, сондай-ақ өз идеяларыңды тез визуализациялап, іс-шараларды жобалау үшін SketchUp Pro бағдарламасының құралдарын пайдалануды үйренеміз.
Анвар Мусрепов «Time Based Media: экран, дисплейлер және цифрлықтың материалды формалары»
Бұл курста біз видеоны негізгі көркемдік құралдардың бірі ретінде визуалды өнердің дамуы тұрғысында талдаймыз. Теориялық бөлімде біз қозғалмалы бейнелер бойынша өзекті зерттеулерді, ХХ ғасыр басындағы авангардтық эксперименттерді, алғашқы портативті камералар шыққаннан бері бейне өнерінің дамуы және цифрлық кескіндермен жұмыс істеудің заманауи тәжірибелерін қарастырамыз. Тәжірибелік бөлімде видоеэсселер мен видеоинсталляцияларды құрудың негізгі әдістерін, сондай-ақ: табылған немесе түсірілген материалмен жұмыс істеу; экспозицияда бейнені демонстрациялау жағдайында кеңістікпен жұмыс істеу сынды нарративпен жұмыс істеудің негізгі әдістерін зерттеуге бағытталады.