2022 жылы «Целинный» заманауи мәдениет орталығы «Резиденциядағы академик» бағдарламасын іске қосты. Аталған бастаманың арқасында халықаралық ғалымдар Алматыдағы академиялық қоғамдастықпен өзара байланыс орнатады. Себебі оның басты мақсаты — жергілікті суретшілер, ғалым-теоретиктер және қоғам зиялыларымен кездесіп, мәдени, әлеуметтік және идеологиялық перспективаларды көрсететін интеллектуалды кеңістік құру. 

«Целинный» ғалымдардың өздерінің зерттеу саласындағы жаңа немесе жүзеге асырылып жатқан жобаларға қызығушылығын қолдауды ұсынады. Осы мақсатта оларға аймақ бойынша зерттеу туры, тұрғылықты орын мен жұмыс орны ұсынылып, күнделікті ақысы да төленеді. Ыңғайлы график бір аптадан алты айға дейінгі уақыт аралығында жергілікті қауымдастықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Біз өз ортамызда білімнің ашық айналымына ұмтыламыз және ғалымдарды дәрістер топтамасын оқуға, өз идеяларын ұсынуға, сондай-ақ олардың жарияланымдарын қолдауға үндейміз. Әлеуметтік және коммерциялық емес ұйым ретінде біз бұл бастаманы аймақтық шекараларды кеңейтуді және мәдени диалогты жақсартуды қолдайтын тың және инновациялық көзқарастарды дамытудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз.