Tselinny Publishing басты міндеті — Қазақстан мен Орталық Азиядағы мәдени процестер туралы зерттеулерді жариялау. Біз аймақтың мәдениеті мен тарихына қатысты түсінікті кеңейтетін еңбектері бар авторларға қолдау білдіреміз. Әдетте аталған білім университет жанындағы баспадан ағылшын тілінде басылып шығып, университет қабырғасында қалады. Біз өз кезегімізде аталған білім сөз қылатын аймақта олардың қолжетімді болуын қамтамасыз еткіміз келеді. 

Бүгінгі таңда өзекті процестерді қағазға түсіріп, оларды талқылап, олар туралы айту  — әңгімелесу үшін себеп табумен қатар келетін маңызды дүние. Сондай-ақ бұрыннан болған процестерді жаңғыртып, олардың бізге әсерін түсіну керек. «Целинный» баспа бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар әңгімеге арқау, қоғамдық талқылаудың ұйытқысы болып, бүгінгі таңда бізді алаңдатып отырған жайттарды есте сақтай отырып, мұрағат қызметін атқарады деп сенеміз.